
Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің құрылғанына 90 жыл толды.
Іргетасы 1929 жылы қаланған колледж бүгінде танымал оқу орнына айналған. Осы уақыт аралығында колледж оқытушылары 20 мыңнан астам қыз-жігітке сапалы білім беріп, білікті мамандарды даярлап шығарды. Мұнда студенттер мейірбике ісі, тіс технигі, фармацевт сияқты бірнеше мамандық бойынша білім алуда. Жыл сайын оқу орны қабырғасынан 300-ден астам түлек қанат қағады. Бастысы бірде-бір түлек жұмыссыз қалмайды.
Салтанатты шара барысында колледж ұжымын айтулы мерекемен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев және еңбек ардагері Надежда Новикова құттықтады.
Сурет https://pkzsk.info сайтынан алынды.