«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПСИХОЛОГТАР КӨМЕГІ АУАДАЙ ҚАЖЕТ

Облыстық полиция департаменті психологиялық қызметінің мамандары кәсіби мерекелері қарсаңында қызу жұмысқа кірісті. 

Погон таққан жандар қалалық полиция басқармасы мен департамент аппаратының басшылығына және жеке құрамға арнайы тренингтер өткізді. Шара барысында жас мамандарға арнайы кеңестер беріліп, қылмыскерлермен, айыпталушылармен байланыс орнату жолдары жан-жақты қарастырылды. Психологиялық қызметтің аға инспекторы полиция подполковнигі Айгүл Шоланованың айтуынша, бүгінде қалалық полиция бөлімі жанында психологиялық демалу кабинеті белсенді жұмыс істеуде. Бір жарым жыл ішінде мұнда 3 мыңға жуық қызметкер келіп, тиісті көмек алған. Бір атап өтетіні, психологтар тек тренинг өткізумен шектеліп қана қоймайды, сондай-ақ, әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізеді және нәтижелері бойынша басшылыққа ұсыныстар жасайды. «Күйзеліс жағдайынан шығу», «Қызметкерлерді экстремалды жағдайларға дайындау», «Келіссөздерді жүргізу ерекшелектері» және тағы басқа тақырыптарда дәрістер өткізеді. Сонымен қатар, әрбір бөліністің ерекшелігін ескерумен ерекше бағдарламалар арқылы жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp