«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЖАЛЫ ОТТАН БОЛДЫ

Петропавл қаласындағы Ойқала шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға орнына жедел  жеткен өрт сөндірушілер үйдің төбесінен түтін шығып жатқанын байқады. Іші де қою қара түтінге  толы екен. 
 


Кіреберіс бөлмеде ес-түссіз жатқан 1970 жылғы әйел табылды.  “Жедел жәрдем” дәрігерлері қанша күш салғанымен, оның өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады. 
Тілсіз жау салдарынан үй жиһазы мен тұрмыстық техника зардап шекті. Өрттің шығуына отты қолданудағы абайсыздық себеп болуы мүмкін. Қайғылы оқиғаның нақты себептері  анықталуда.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp