
Елімізде 1 қаңтардан бастап іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы оңалту құралдарына мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетеді. Олар портал арқылы протез-ортопедиялық, гигиеналық, сурдотехникалық құралдардың 24 түріне электронды түрде тапсырыс бере алады.
Облыста 27 мыңға жуық мүгедек бар болса, соның 9 мыңы оңалту құралдарына мұқтаж. Былтыр олардың 5,2 мыңы, яғни 56,7 пайызы ғана мемлекеттік сатып алу арқылы қажетті құралдармен қамтамасыз етілген болатын.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мамандарының мәліметінше әлеуметтік қызметтер порталы кезең-кезеңмен енгізіледі. Мүгедектігі бар азаматтар енді оңалту құралдары мен қызметтерді бірден жеткізуші компаниядан алады. Порталды іске қосу нәтижесінде құралдардың, қызметтердің сапасын арттырып, уақытты үнемдеу көзделген.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ.