«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Өткен аптаның соңында ұйыт­қи соққан бораннан көз аша алмай, қаншама ауылдар қар құр­сауында қалды. Жолау­шылар да діттеген жеріне жете алмай дің­келеді. Осындай қысылтаяң шақта азаматтық қорғау қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, құтқарушылар, полиция қызметкерлері аяқтарынан тік тұрды. Олардың еңбегіне тұрғындар да оң бағасын беруде.

Облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловқа Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны Ғалия Шонашева хат жазыпты. Ол аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушыларына алғысын білдірген екен.
“Мен Новоишимка ауылының тұрғынымын. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан едік. Көрші Шұқыркөл ауылына жете бергенімізде көлігіміз қарға батып қалды. Әбден жаурадық, қар құрсауынан өз күшімізбен шыға алмайтынымызға көзіміз жеткен соң аудандық төтенше жағдай бөліміне қоңырау шалып, көмек сұрадық. Көп ұзамай келген құтқарушылар бізді Новоишимка ауылына жеткізді. Руслан Қалиқайда­ров, Мейрам Ғабдусалям, Азамат Қабдулин, Қайрат Жаслан мен Әмірлан Қасымов дер кезінде жетпегенде жағдайымыз қиындай түсер еді. Оларға алғысымыз шексіз”, – деп жазыпты Ғалия Серәліқызы.
Бұл оқиға 26 қаңтар күні орын алған болатын. Жол талғамайтын “Трэкол” көлігімен жеткен құтқарушылар жаураған жолаушыларды аудан орталығына жеткізген.

 

Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp