«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгінгі таңда электр энергиясымен жабдықтау желісіне қосылу шарттарын бұшылар, күзет аймақтарында құрылыс жұмыстарын жүргізетін кәсіпкерлер бар. Жуырда департамент мамандары мониторинг барысында осындай құқықбұзушылық фактісін анықтады.

27 қаңтар күні департаментте электр жүелілерін күзету аймағында жұмыс жүргізген П.П.Рябоконьға қатысты әкімшілік іс қаралды. Белгілі болғандай, 8 қаңтар күні «Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» акционерлік қоғамының қызметкерлері электр энергиясының коммерциялық есептеу жүйесін тексеру барысында П.П.Рябоконь басшылықтың келісімінсіз арнайы күзету аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізгендігі анықталған. Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі №330 бұйрығының 20-тармағына сәйкес, қарамағында электр желілері бар ұйымның рұқсатынсыз электр желілері жолдарының күзет аймақтарында құрылыс, қайта құру және қазу жұмыстарын жүргізуге болмайды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 305-бабына сәйкес, П.П.Рябоконь әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 255 теңгенің айыппұлы салынды.  

Cурет https://yandex.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp