«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙДЫННЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІ

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында 2005-2006 жылдары туған балалар арасында ел біріншілігі өтуде. Аталмыш жарыста өңір намысын қорғап жүрген жерлестеріміздің арасынан Айдын Қуанышев 65 килограм салмақ дәрежесінде күміс медальға ие болды.

 Ел біріншілігіне 420 балғын спортшы қатысуда. Алғашқы жарыс күні олар 60, 65, 70, 75 және 75 килограм салмақ дәржелері бойынша бақ сынаған болатын. Өңірімізге белгілі жаттықтырушы Дәурен Есләмовтың шәкірті – Айдын Қуанышев Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылының тумасы. Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы соңғы екі жылдан бері қазақ күресімен айналысуда. Бүгін Дәурен Есләмовтың шәкірттері тағы екі салмақта бақтарын сынайды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp