«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

1 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР АҒАШ ЗАҢСЫЗ КЕСІЛГЕН

Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 390 дерегі анықталды. 

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, ағашты заңсыз кесуге жол бермеу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынған, солардың бірі – ғарыш арқылы мониторинг жүргізу. Алайда, ебін тауып, ағашты рұқсатсыз кесу тыйылмай отыр. Былтыр осындай 50 жағдай анықталып, 1 мың текше метр ағашты кесуден 4 млн. теңге шығын келді. Ал жалпы, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 390 дерегі анықталған. Былтыр жалпы 496 мың текше метр ағаш араланса, оның 350 мың текше метрі тұрғындарға отынға берілген. Мамандардың айтуынша, босату бағасы 2013 жылдан бері өзгермеген. Қазір СҚО-да отын және тақтай дайындаумен 25 орман пайдаланушысы айналысады. Жыл сайын цехтарда 100 мың текше метр ағаш өңделіп, тұрмысқа қажет өнімдер шығарылады. Мемлекеттік орман қорының кей учаскелері рекреациялық мақсатта, яғни демалатын орын ұйымдастыру үшін беріледі. Кәсіптің бұл түрімен өңірде 26 орман пайдаланушысы айналысады. Былтыр осындай демалыс орындарында 70 мыңнан астам адам болыпты.

www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp