«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАС ЖҮРГІЗУШІ – ҚОҒАМҒА ҚАУІП

Тайынша ауданында мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасы орнынан ізін суытқан жүргізушіге қатысты сот отырысы өтті.

1 қаңтар күні ресейлік нөмірлі «Toyota Mark II» автокөлігін тізгіндеген 1997 жылғы аудан тұрғыны «Mercedes-Benz» автомобилімен соқтығысқан. Жолаушылар зардап шекпегенімен, көлік зақымданды. Кінәлі жүргізуші оқиға орнынан ізін суытып үлгеріпті. Жергілікті тұрғынды қолға түсіру үшін тәртіп сақшыларына көп уақыт қажет болған жоқ. Оның үстіне көлігі жәбірленушінің көзіне оттай басылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас екенін көрсетті. Құқық бұзушылық заңнамаға жауапкершілікті қатаңдататын өзерістер енгізілгенге дейін жасалғандықтан, ауыл тұрғыны 5 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.
 «11 қаңтарда заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жаза барынша қатаңдатылды. Енді дәл осындай заң бұзушылыққа жол берген жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады және 20 тәулікке қамауға алынады», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Азамат Жамұқов.
Облыста жыл басынан бері мас күйде көлік жүргізудің 68 дерегі анықталды. Оның бесеуінде мас жүргізушілер жол-көлік оқиғасын жасаған. 59 іс сотқа жіберілді, 54 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29-ы әкімшілік қамауға алынды, 42 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp