«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДҰРЫС ТАҢДАУ — ТАБЫСТЫ ӨМІРДІҢ КІЛТІ

Мамандық таңдау адам өмірін­дегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Өйткені, әр адамның мамандықты жүрек қалауымен таңдауы ертеңгі күнге сенімін арттырады. Бұл, әсіресе, жоғары сынып оқушылары үшін өте маңызды шешім. Қазіргі таңда жас буын ақпараттың жетіспеушілігінен, кәсіби қызметте тәжірибенің болмауынан еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін кәсіптерді жиі таңдайды.

Көп жағдайда мамандықты дұрыс таңдау оқушының алған білімінің сапасына, әртүрлі өмірлік жағдайларға да байланысты болып келеді. Сондықтан оларға кәсіптік бағдар беріп, заман талабына сай сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпарат ұсынудың маңызы зор. Өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орны – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің мамандары осы бағытта жоспарға сай бірқатар іс-шараларды қолға алды. Оқу орнында бакалавриаттың – 48, магистратураның – 23 және докторантураның 4 бағыты бойынша мамандар даярланады. Бүгінгі таңда халықаралық байланыстарды дамыту білім ордасы жұмысындағы басты бағыттардың біріне айналуда. Студенттеріміз жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша да білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмаса алады.
Соның ішінде “Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу” және “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларына тоқталып өтсем деймін. Мектеп табалдырығын жаңадан аттаған бүлдіршіндердің заман талабына сай әрі сапалы білім алып, ақпараттық технологияны еркін меңгеруіне жағдай жасайтын білікті мұғалімдер осы бағдарлама бойынша білім алады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттері “Бастауыш және мектепке дейінгі білім беруді педагогикалық қолдау” бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жемісті жүргізіп келеді. Сонымен қатар әртүрлі деңгейдегі тәрбиелік, қоғамдық және әлеуметтік іс-шараларға белсене қатысып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда.
Кафедрада болашақ мамандар­ды даярлауға барлық мүмкіндік бар. Аталған мамандық бакалавриат бойынша күндізгі бөлімде қазақ және орыс тілдерінде оқытылады. Сондай-ақ, студенттер үшін қашықтан білім беру технологияларын пайдалану мүмкіндігі бар.
Университеттің мыңнан астам студенті заман талабына сай жабдықталған бес жатақханада тұрады. Жатақханалардың холдары мен оқу залдарында мәдени және жаппай спорттық іс-шаралар өткізу үшін теледидарлар, музыкалық аспаптар, теннис үстелдері қойылған.
№1 жатақханада полиция тірек пункті орналасқан. Онда студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Таңсұлу АСЛЯМОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің оқытушысы.

Сурет https://mel.fm/ сайтынан алынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp