«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА КІРЕДІ

Ұлттық спорт түрі – қазақ күресі биыл қанатқақты жоба негізінде Нұр-Сұлтан қаласының бес мектебінде дене шынықтыру пәнінің бір құрамы ретінде енгізіледі. Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитовтің айтуынша, 2016-2021 жылдарға арналған қазақ күресін дамыту бағдарламасы бекітілген. Аталған жоспарда 2020 жылы қазақ күресін мектепке пән ретінде енгізу міндеті қойылды.

– Қанатқақты жоба қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында жүзеге асырылады. Осы күнге дейін мектеп бағдарламасына сай 100 сабақ жазылды. Қазіргі уақытта жобаның бағдарламасын әзірлеу, мамандарды даярлау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясы да бұл жобаны жүзеге асыруға дайын. Павлодар облысының федерациясы да бастамаға қолдау танытуда, – дейді бас хатшы.
Жоспарға сәйкес, 5-11 сынып оқушылары төл өнермен кәсіби тұрғыда жаттығатын болса, 1-4 сынып оқушылары акробатикалық әдістемесін үйренбек. 

https://aikyn.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp