
Асқабақтан түрлі тағам әзірлеуге болады. Дәрігерлердің айтуынша, ол ас қорыту мен жүрек-қан тамырлары жүйесі үшін пайдалы. Оның 10 пайызын әр алуан дәрумендер мен микроэлементтер құраса, қалғаны судан тұрады. Асқабақ адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өйткені, оның құрамында: С, Е, В1, В2, РР дәрумендері, бетакаротин, калий, кальций бар.
Артық салмақтан арылу үшін асқабақ таптырмас өнім. Оның дәндері де өте пайдалы. Ол май, ақуыз, дәрумендер мен минералды тұздардан тұрады. Сонымен қатар Е дәруменіне өте бай. Диеталық көкөніс ретінде, асқазан-ішек жолдарының ауруы кезінде пайдалануға болады. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жыныс жүйесінің ауруларын емдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар қаназдық ауруы кезінде де пайдалы. Құрамындағы калий жүрек жұмысын жақсартады, қан тамырларын нығайтады. Бауырдың ауруы кезінде шикі асқабақты жеу керек. Асқабақтың дәнегі екіқабат әйелдер үшін токсикоз кезінде өте пайдалы. Алайда, оны қуырып жегеннен гөрі кептіріп жеген пайдалы.
“Денсаулық” журналы.