«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СПАРТАКИАДАҒА САҚАДАЙ САЙ

Бір аптадан кейін Тимирязев ауданында XIV “Солтүстік – 2020” қысқы ауыл спорты мерекесі бас­талады. Жыл бойы тағатсыздана күткен спорттық шараға өңіріміз-дің барлық аудандарынан 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.

Тимирязевтіктер үшін қысқы ауыл спорты мерекесін өткізудің маңызы зор. Әр ауданның үздік-тері тартысқа түсетін додада же-ңіс тұғырының биігіне көтерілу үшін біздің аудан спортшылары барын салары анық. Бұл жарыс ауылдық жерде бұқаралық спорттың дамуына және спорт-тық инфрақұрылымды жетілдіру-ге серпін бермек.
Дәстүрлі спартакиада – тұр-ғындар арасында саламатты өмір салтын насихаттап, оларды спорт пен дене шынықтыруға тартудың бірден-бір жолы. Спар­такиадаға дайындық жұмыста-рына ерекше көңіл бөлінді. Аудан орталығы мен ауылдық округтер-де хоккей корттары құйылып, жергілікті спортшылар шаңғы және шорт-трек бойынша шебер-ліктерін шыңдады. Бағдарламаға сәйкес шаңғы жарысы аудан орталығының сыртында өтеді. Қазіргі уақытта арнайы техника-ның көмегімен 2,5 шақырымдық шаңғы жолы жасалды. Шайбалы хоккей аудандық Мәдениет үйінің алдында құйылған кортта өтсе, футзал Тимирязев орта мекте-бінде ұйымдастырылады. Ал шорт-трек ойындары аудан орта-лығының жанындағы су айды-нында бастау алмақ.
Ауыл спорты мерекесіне да-йындық жұмыстарына жергілікті кәсіпкерлердің қолдау көрсетке-нін атап айтқан жөн. “Туған жер” бағдарламасы аясында хоккей қорапшасы қайта қалпына келті-рілді. Бұл жұмыстарды “Есей Агро” жауапкершілігі шектеулі се-ріктестігі жүргізді. Сондай-ақ, “Ной-Север” ЖШС-нің басшылы-ғы да демеушілік көрсетті. Ал ау-дандық бюджеттен бөлінген қа-ражатқа командаларға қажетті шаңғылар, хоккей формалары мен таяқтар сатып алынды.
Қыс басталғалы бері 1500-ге жуық спортшы президенттік көп­сайыс, конькимен жүгіру, хоккей, шаңғы жарысы, биатлон, шайба-лы хоккей, футзал және шорт-трек бойынша іріктеу сындарына қатысты. Жуырда Петропавл қа-ласының спорт алаңдарында биатлон, керлинг, президенттік көпсайыс, конькимен жүгіру са-йыстары өтті. Тимирязево ауы-лындағы ақтық кезеңде шайбалы хоккей, шорт-трек, шаңғы жары-сы және футзал бойынша үздік-тер анықталады. Аудан әкімдігі қонақтарды қарсы алу міндет-терін өз мойнына алып отыр. Спорттық шараға облысымызда саламатты өмір салтын дамыту-ға сүбелі үлес қосып жүрген аза-маттар да қатысады. Олардың арасында кәсіби спортшылармен қатар спорт ардагерлері де бар.
Дәстүрлі “Солтүстік – 2020” қысқы ауыл спорты мерекесінің ашылу салтанаты ақпанның 20-сы күні Тимирязево ауылындағы “Жастар” стадионында өтеді. Ал дода жеңімпаздары ақпанның 23-і күні белгілі болады.

Армиде МАНУКЯН,
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.
Тимирязев ауданы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp