«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛАУШЫЛАР САНЫ АЗ

№11М бағытындағы автобус ақ­пан айының 10-ынан бастап өз жұ­мысын тоқтатты. Мұның себебін “СҚО Автокөлік одағы” қауымдас­тығының төрайымы Галина Семе­нова айтып берді. Оның айтуынша, №11М бағытындағы қоғамдық кө­лік бірнеше жағдайға байланысты жүрмейтін болған. Біріншіден, атал­мыш автобустың қызметін пай­даланушы тұрғындар саны өте аз. Екінші себеп, темір жол вокзалы мен әскери институт аралығында қатынайтын қоғамдық көліктердің әбден тозығы жеткен. Осының сал­дарынан кей кездері жүру уақыты 10-нан 40 минутқа дейін кешік­тірілетін көрінеді.

Дегенмен, тұрғындардың алаң­дауына себеп жоқ. Өйткені, №11М бағытындағы автобустың орнын №19-шы қоғамдық көлік алмас­тыр­ған. Яғни, тұрғындар осы авто­буспен діттеген жеріне жете ала­ды. Галина Семенова автобустар ба­ғытының өзгергені туралы ақпарат әлеу­меттік желілер арқылы тұр­ғындарға түсіндірілгенін айтты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp