«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

10 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ КІМГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы №32 қаулысымен сыбайлас жемқорлық дерегі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына түзетулер енгізілді. Қаулы биыл 15 ақпаннан бастап күшіне енді. Жаңартылған жүйеге сәйкес, жемқорлық деректері туралы хабарлаған азаматтар сараланған сыйақы алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот үкімі шыққан соң, сол дерек туралы хабарлаған адамға параның 10 пайызы сыйақы түрінде төленбек.

 Пара мөлшері немесе сыбайлас жемқорлық әрекеті салдарынан келтірілген шығын 1000 айлық есептік көрсеткіштен (2 651 000 теңге) аспаса, қылмыстың санатына қарай 30-дан (79 530 теңге) 100 айлық есептік көрсеткішке (265 100 теңге) дейін сыйақы төленеді. Ал параның не шығынның көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, сол соманың 10 пайызы сыйақы түрінде ұсынылады. Бірақ бұл ретте сыйақы мөлшері 4000 айлық есептік көрсеткіштен (10 604 000 теңге) аспауы тиіс.
Жемқорлық туралы хабарлаушыларды көтермелеудің осыған ұқсас жүйесі бірқатар шет елдерде (Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Гонконг) қолданылып келеді.
Бұл жаңашылдықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халықтың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталған. Бұған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосында жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасын таппақ.  

Сурет https://www.zakon.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp