
Гүлжанат Байбосынова – облыстық ауруханадағы сәулелі-диагностика бөлімшесінің жоғары санатты рентген-зертханашылардың бірі.
Саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған Гүлжанат Байбосынова медицинаға бала күнінен қызыққан екен. Ресейдің Екатеринбург қаласындағы медициналық училищенің түлегі тоғыз жыл бойы Петропавлдағы кардиология орталығында реанимацияда жұмыс істеген. Ал 2004 жылы облыстық ауруханаға ауысқан маман науқастарды рентген-диагностикалық кешен мен ультрадыбыстық диагностикалық құрылғының көмегімен айнаға түсіреді.
Гүлжанат Байбосынованың отыз бес жылдық еңбек өтілі бар. Аурухана ұжымы оның еңбегіне дән риза. Жастарға үлгі көрсетіп, бар жиған тәжірибесін ізбасарларына үйретіп жүрген ақ халатты абзал жан қызығынан гөрі қиындығы басым медицина саласын таңдағанына ешқашан өкінген емес.
Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.