
Кеше Петропавл қаласында Кошуков көшесінде орналасқан тоғызқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы хабар 101 пультіне күндізгі сағат 10 жарымда келіп түсті. Оқиға орнына кезекші қарауыл келіп жеткен кезде, үй жиһазы лапылдап жанып жатқан еді. Полицейлер мен төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері 8 адамды оқиға орнынан алып шықты. Оның екеуі – бала.
Өрт сөндіру барысында пәтерден 1936 жылы туған әйелдің жансыз денесі табылды. Жеке құрамның 20 қызметкері және 6 техникасының күшімен тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды. Өрттің себептері анықталуда.