«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУ ИЕЛЕРІ ЖАЗАЛАНДЫ

Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасында «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Бес күн бойы әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қаруды сақтау, алып жүру ережелерінің орындалуын және қарудың уақтылы қайта тіркелуін тексерді. Іс-шараға 500-ге жуық полицей тартылды. Рейд мақсаты – қару ұрлығының, қарудың көмегімен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында 2730 аса қару иесі тексеріліп, түрлі заң бұзушылық жасағаны үшін 136 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 109-ы қаруды сақтау тәртібін, 27-сі қайта тіркеу мерзімін бұзған. Олардың қарулары уақытша тәркіленді. Олар енді айыппұл төлеп қана қоймай, қаруды одан әрі қолдануға техминимум алу үшін қайта оқудан өтіп, сынақ тапсырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp