
Солтүстік Қазақстан облысына келген 84 жастағы Мәскеу облысының тұрғыны денсаулық жағдайына байланысты еліне қайта алмайтындықтан, ол тұрып жатқан “Колос” қонақүйінің әкімшісі “Жолда қабылдау” акциясы барысында тәртіп сақшыларына жүгінуге мәжбүр болды. Оның айтуынша, Евгений Крамердің тіркеу құжаттарының мерзімі 14 ақпанда аяқталған. Қарт өздігінен жүріп-тұра алмайды. Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері бұл сауалға бірден құлақ асып, ресейлік азаматқа Қазақстанда уақытша тұру рұқсатын ресімдеді.
Ал Петропавл қаласының тұрғыны Владимир Зырянов акция барысында 1-ші Михеев тұйық көшесіне жаяу жүргінші өткелін орнатқаны үшін тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. Тағы бір петропавлдық қару иесін әкімшілік жауапкершілікке тартқан учаскелік полиция инспекторының әрекетінің заңдылығын қала прокурорының міндетін атқарушы Князь Валиевтен сұрап білді.
Ай сайын өтетін “Жолда қабылдау” акциясы осымен 11-ші рет ұйымдастырылды.