«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР ІРІКТЕЛДІ

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде жасөспірімдер арасында еркін күрестен облыстың ашық біріншілігі аяқталды. Университет ректорының кубогы сарапқа салынған сайысқа 80-нен астам балуан қатысты.

Жарыс бағдарламасына сәйкес алты команда өкілдері 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысына сәйкес Райымбек Артықбай (45 кг.), Ислам Шостак (48 кг.), Александр Симанов (51 кг.), Сәкен Құдайқұл (55 кг.), Айдос Қасымбеков (60 кг.), Әділ Епеков (65 кг.), Анвар Мустафин (71 кг.), Владислав Харченко (80 кг.) мен Темірлан Амангелдинов (92 кг.) жеңістің бірінші сатысына көтерілді.
Университет наурыз айында ересектер арасында қазақ күресінен ректор кубогы үшін облыс біріншілігін өткізбек. Бұл сайысқа еліміздің әр өңірінен үздік балуандар қатысады деп күтілуде.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp