«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ

Шал ақын ауданында ішкі істер қызметінің ведомстволық мұражайы ашылды. Мұражай­дың ашы­луымен жиналғандарды аудан әкімі Нұрлан Есі­мов, облыстық полиция департаменті бастығы­ның орынбасары Қанат Айтбаев құттықтады.
Мұражайға запастағы полиция пол­ковнигі Сәбит Ысқақов, милиция ардагері Қобы­лан Хамзиннің зайыбы Сақып Қоспанқызы және т.б. бағалы бұйымдар тапсырды.

Мұражайдың ашылу салтанатына осы ау­дан­нан шығып, ішкі істер қызметінің республикалық деңгейдегі басшыларының бірі болған генерал Әлімжан Ахмадин қатысып, өзінің жеке мүліктерін музей қорына тапсырды. “Мен түрлі лауазымдар­да қызмет атқарып, милицияға қырық жылдан астам өмірімді арнаған адаммын. Ішкі істер ми­нистрінің орынбасары болдым. Туған өлкеме Ал­маты қаласынан ат терлетіп келіп отырмын. Мұ­ражайға естелік болсын деген ниетпен өзімнің шинелімді, папахамды, кителім мен фуражканы, былғары етігімді сыйға тарттым”, – деді ол.
Жаңа мұражайға қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан, Ұлы Отан және ауған со­ғыстарына қатысқан жауынгерлер, бөлім басшы­лары, қызмет бабында ерлігімен көзге түскен сақшылар туралы арнайы жәдігерлер қойылған.


Жақсыбай САМРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp