«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАҢҒЫБАСТАРҒА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Облыс аумағында екі күн бойы жүргізілген «Қаңғыбас» жедел-алдын алу шарасының мақсаты – қаңғыбастар арасында заң бұзушылықтарды анықтап, қылмыстардың алдын алу, қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіру. Полицейлер қаңғыбастар мекендейтін жертөле, құдық, жылу құбырлары сияқты жерлерде рейдтер жүргізді. Екі күн ішінде қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына 216 адам жеткізілді. Олардың әрқайсысы тексеріліп, фотосуретке түсіріліп, олармен әңгімелесу жүргізілді.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климовтің айтуынша, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлға санатында 260 адам есепте тұр. Олардың 116-сы облыс орталығында, 51 адам – із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Жұмысшы кентінде Петропавл қаласы әкімдігінің әлеуметтік бейімдеу орталығы жанында тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған түнгі түнеу орны жұмыс істейді. Күнде кешке мұнда баспанасыз жүрген 10-15 адам жеткізіледі. Полицейлердің, әлеуметтік бейімдеу орталығы қызметкерлерінің, еріктілердің міндеті – қаңғыбастарды үсік шалуының алдын алу және басқа да оқыс оқиғаларды болдырмау.
Тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар тарапынан қоғамдық тәртіп бұзушылықтар орын алған жағдайда қабылдап-тарату орнының кезекші бөлімінің 8 (7152) 52-92-89 телефон нөміріне хабарласуға болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp