«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РИЗАМЫН САҒАН!

Менің бойымда га­зет оқу мәде­ние­тін қалып­тас­ты­рып, баспасөзге деген махаб­ба­тым­ды оятқаны үшін әке­ме өмір бақи қарыздар­мын. Әкем қара­пайым механиза­тор, ше­шем сауыншы бол­ғаны­мен, көзі ашық, көкірегі ояу адам­­дар еді. Бала күнімізден біз­ге “Пио­нер”, “Бал­дыр­ған”, “Жұл­дыз”, “Ле­нин­шіл жас”, “Комсо­моль­ская прав­да”, “Прав­да”, “Ле­нин туы” де­ген газет-журнал­­дар­ды жаздырып, оқытты. Үйі­міз­де керемет мүлік, жиһаз бол­маса да, газет-журнал, кітап аз емес еді.

“Ленин туы” газеті та­нымал бо­луы­ма ықпал етті. Ең алғаш рет бұл газет­ке қашан шыққаным есім­де жоқ. Деген­мен, қазақ мектеп-интернатының бас­тауыш сынып­та­рында оқып жүр­ген кезімде сұх­бат бер­дім. Ол кезде газет­ке аса құр­метті, ардақты адамдар ту­ралы ғана жазылатын.
Кезекті бір бай­қаудан бас жүл­демен орал­ғанымды облыс әкімі газеттен оқып, қазіргі Есіл, бұрын­ғы Ле­нин ауда­нының әкі­міне мені ма­рапаттау туралы тап­сырма бе­ріпті. Сонда маған бір жыл­қы атап, 8 мың теңге ақ­ша­лай сыйлық бер­генін әлі ұмыт­қан жоқпын. Сол ақ­ша­ға өзі­ме және әпкеме екі жұп был­­ғары етік са­тып алып, соны сту­денттік ша­ғыма дейін ки­генімді қа­лай ұмы­тайын?! Осы­ның бәрі га­зет­­тің маған жасаған жақсылығы еді.
“Soltústіk Qazaqstan”-ның қа­зір­гі басшысы Жарасбай Сүлей­меновті әкемдей көремін. Ол кісі мені бала кү­німнен қанатының астына алып, қам­қорлық жа­сады.
Мен үшін “Soltústіk Qazaqstan” 100 жасқа келіп отырған қария іс­петті. Бұл басылымның өзім қа­зір қызмет істеп жүр­ген қараша­ңы­рағым – Мұхтар Әуе­зов атын­дағы театрдан да жас үл­кендігі бар. Сол кездегі де, қазір­гі де редакция ұжымына шексіз риза­шылығымды біл­діріп, ба­сымды игім келеді.


Күнсұлу ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ,
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp