«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗЖЫЛДЫҚ ЖЫЛНАМА

“Soltústіk Qazaqstan” газетінің бір ғасырлық тарихы жайлы айты­лып та, жазы­лып та жүр. Жұртшы­лық оны елі­міздің рухани өмірінде­гі айтулы оқиға ретінде қабылдау­да. Шы­нында да, еліміздің бір ға­сыр­лық шежіре-тарихын осы га­зеттің сарғайған беттерінен та­батынымыз анық.

Бүгінгі күні өңіріміздің бас га­зе­ті­нің әр санын асыға күтетін айыр­таулықтардың қарасы қа­лың. Се­бе­бі, бір ғасыр бұрын “Ке­дей сөзі” деген атпен шыға бас­тап, уақыт өте ұлттық басы­лым­ға айналған “Soltústіk Qazaqs­tan” газеті өз па­рақ­тарында та­рих тағылымын дә­уір үнімен, уа­қыт сынымен бейне­леп, кешегі мен бүгіннің арасын жал­ғап ке­леді. Қабырғасында қа­зақ­тың та­лай марғасқа қайраткерлері ең­бек еткен, солардың қол­таң­ба­сы қалған бұл қарашаңырақ – өткен жүз жылда атауын бірнеше рет өз­герткенімен, мақсат-мүд­де­сінен айнымаған басылым.
Бүгінгі күні редакция ұжымы ха­лық арасында өз қолтаң­ба­сы­мен ерекшеленеді. Қоғамдағы оқи­ға­лар мен халықтың тыныс-тір­ші­лі­гін, мұң-мұқтажын өз оқыр­манда­рына жеткізіп, ел шежіресін қағазға хаттаған ба­сылымның беделі әр­дайым биік. Қазіргі күні газет жұмы­сы заман та­лабына сай жаңғырып, ғасыр­лық белесті жаңа жетістіктер­мен, то­лағай табыстармен қарсы алып отыр. Қызылжар өңірі “Sol­tústіk Qazaqstan”-ды ұлттық рух­тың қарашаңырағы санайды. Осы­ның өзі басылым беде­лінің, оның салмақты да салиқалы сөзінің бағасы биіктігін айғақтайды.
Газеттің мерейтойы – бұл ұл­ты­мыздың тойы. Басылым ал­дағы уа­қытта да қоғам дамуына лайықты үлесін қоса береді деп сенемін.
Еліміздің баспасөзі­нің дамуына қосып келе жатқан үлестеріңіз бен мәртебелі ең­бек­теріңізге шынайы алғысым­ды білдіремін. Басылым ұжы­мы­на зор денсаулық, шығар­ма­шы­лық табыстар тілеймін!

 

Бейбіт ИСМАНОВ,
Айыртау ауданының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp