«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕН ТІЛШІНІҢ ҚЫЗЫМЫН

Бір ғасырлық тарихы бар “Soltústіk Qazaqstan” газетін қолыма алсам, көз алдыма осы басылымның жанашыры – әкем, ұстаздықты өміріне серік еткен Сәркен Құлмағанбетовтің бейнесі елестейді. Менің әкем С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтаған соң Есіл ауданындағы Бұлақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек етті.

Барлық өмірін шәкірт тәрбие­леу ісіне арнап, өзінің алпыс ал­ты жылдық ғұмырында шығар­ма­шылық қызметті де қатар ала жүріп, қолынан қаламын таста­ған жоқ. Республикалық “Социа­листік Қазақстан” (қазіргі “Ege­men Qazaqstan”) газетіне, “Қа­зақстан мектебі” журналына ма­қалалары жиі жарияланатын. Со­нымен қатар 1963 жылдан бас­тап Үкілі Ыбырай өмірін зерттеп, қырық жыл жинаған деректері­мен 2004 жылы “Қайран, Гәкку?” кітабын жарыққа шығарды. Әде­биетсүйер қауым оған өзінің лайықты бағасын да берді.
Әкемнің өмірі облыстық “Sol­tús­tіk Qazaqstan” газетімен ты­ғыз байланыста болғанын мақ­танышпен айта аламын. Ол көбі­несе ауылдастарының еңбектегі жетістіктері мен бала тәрбиесі жайлы мақалалар жаза­тын. Халықты еңбек етуге, пат­риоттық тәрбиеге шақырды, өзі­нің ұстаздық жолындағы тәжі­рибесімен бөлісіп, жинақтаған зерттеу материалдарын жария­лап отыратын. Әлі күнге дейін га­зеттен қиып алған сарғыш тарт­қан мақалалары үйде сақтаулы тұр.
“Soltústіk Qazaqstan” газеті­нің алғашқы саны жарыққа шық­қанына бір ғасыр толып отыр. Осы жылдар ішінде небір белес­тен өткен ол – ұлттық дәстүр мен құндылықтарды ұлықтап, қазақы салт-сананы насихаттап келе жатқан сындарлы басылым. Жедел ақпараттар, өткір мақа­лалар, қоғамның тыныс-тіршілігінен сыр шертер материалдар өз оқырмандарын табуда. Газет абыройы оқырмандарымен өл­шенеді. Мерейлі күнге орай “Soltústіk Qazaqstan” газетінің шы­ғармашылық ұжымына те­рең­нен тербеп, қиядан қағып, мың­даған оқырмандарыңызбен ойлы мақала, жедел жаңалық, сал­мақты сараптама, әңгіме-сұх­баттарыңызбен жүздесе бе­рі­ңіздер деген тілек білдіремін.

 

Теңдік ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА.
Астана қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp