«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАБАРЛАНДЫРУҒА ҚҰЛАҚ АСПАҒАН

“Сақтансаң, сақтаймын” деген ескертуге құлақ аспаушылық салдарынан жолаушылар мен көлік жүргізушілері неше түрлі оқыс оқиғаларға ұрынып, оның арты орны толмас қайғылы жағдайларға ұласып жататыны жасырын емес. Мұндай тосын жайттар соңғы кездері көбеймесе, азаяр емес.

Десек те, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, алыс жолға шығып кетіп, көмек сұраған жандардың мұндай ерсі қылықтарын еш нәрсемен ақтауға болмас, сірә. Әсіресе, ақыл тоқтатқан ересектердің балаға тән қылық көрсетуі түсініксіз. “Екатеринбрг – Алматы” тасжолы бойында көліктер легінің кептеліске түсіп, әрлі-берлі жүре алмай қалғанын Тахтаброд ауылынан аудан орталығы Новоишимге қарай беттеген 55 жастағы Сергей Тарасовтың қырағы көзі байқап қалған. Жерлестерінің қауіпсіздігін ойлаған азамат бейнеүндеу арқылы ескертіп, іле-шала тәртіп сақшылары көмекке келген. Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Айдос Ыдырысовтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің жіті қимылының арқасында қар құрсауынан 6 фура, осынша “КамАЗ”, 2 “ГАЗель”, 10 жеңіл көлік шығарылған. Жүргізушілер мен жолаушылардың бір бөлігі Рузаев елді мекеніндегі қонақүйлерге, лицей жатақханасына орналастырылған. Бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Ал Жамбыл аудандық патрульдік полицейлері мен төтенше жағдай жөніндегі қызметкерлер Қытай Халық Республикасының азаматына көмек қолын созған. Атап айтқанда, 32 жастағы шетелдік азамат жекеменшік көлігімен Нұр-Сұлтан қаласынан Қайранкөл ауылына бара жатқан кезде қалың қардан өте алмай қалған. Ол тек сақшылар мен құтқарушылардың арқасында ғана сапарын одан әрі сәтті жалғастырып, діттеген жеріне аман жетті.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp