Жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің “102” жедел арнасына 22 633 хабарлама келіп түсті. Ал тәулік ішінде тәртіп сақшылары 400-ге дейін қоңырауды қабылдап, ақпаратты тексереді.

Қазіргі таңда облыста 1351 бейнебақылау камерасы орнатылса, оның төрт жүзден астамы бас шаһардың тыныштығын қадағалайды. Биылғы екі айда заманауи технологияның көмегімен 2371 құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, жедел арнаған хабарласқан жапа шегуші таңғы сағат бес шамасында Нұрсұлтан Назарбаев көшесінің бойында белгісіз топтың оны соққыға жыққанын айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев және Строительная көшелерінің қиылысында орналасқан бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті тұлғалар бірден анықталды. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберіліп, төбелеске қатысы бар үш жігіт ұсталды.