Біздің облысымызда көзі тірі-сінде өңіріміздегі мәдениет сала-сының дамуына еселі еңбегімен, “сегіз қырлы, бір сырлы” талан-тымен айтарлықтай үлес қосқан азамат, Қазақстанның еңбек сі-ңірген қайраткері Қуандық Қасы-мовтың есімі ерекше ілтипатпен аталады. Оның Қызылжар өңі-рінде өнер мен мәдениеттің сал-танат құруына сіңірген еңбегі өл-шеусіз. Алла маңдайына ажалды жазбағанда биыл жерлесіміз 70 жасқа толар еді.

Кеше 2006-2014 жылдары өзі басшылық еткен Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Ашылу салтанатына қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері, өнер жанашырлары мен марқұмның туыстары ар та-залығын бар ғұмырының өлшеуі-ші еткен азаматтың мінезі, атқар-ған еңбектері жайлы әсерлі сөз айтты.
– Біз білетін Қуандық Қасы-мов – текті азамат. Елін, жерін, ана тілін шексіз сүйіп, олардың гүлденуіне қалтқысыз қызмет еткен оның еңбегі ел жадынан өшпейді. Ол ізін өкшелеген жас-тарға ұлтты шынайы сүюдің үлгі-сін көрсетіп кетті, – деді облыс-тық ардагерлер кеңесінің төраға-сы Ескендір Елеусізов.
Қуандық Қасымовтың туған жері – Жамбыл ауданындағы Баян ауылы. Қайраткердің өнер-ге деген ықыласы осы елді ме-кенде бүршік жарды. Есімі өңі-рімізге белгілі күйші Серікбай Құ-сайыновтың шәкірті жайлы айт-қан әсерлі естелігі жиналған-дардың жанарына жас үйірді.

Қуандық Ишанғалиұлының қа-зақ өнеріне сіңірген еңбегі аз сөз-бен сипаттауға келмейді. Оның “Ақ бидай” ансамблі, “Сегіз сері” атындағы аспаптар оркестрі сияқты көптеген ұжымдарды құ-рып, жас таланттардың жар-қырай көрінуіне төккен тері екінің бірінің қолынан келмейді. Аза-маттың осы және өзге де қыр-лары Қуандық Қасымов атын-дағы дәстүрлі фестивальда та-қырыпқа тұздық болды.