«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ЖАҢА АВТОКӨЛІК БЕРДІ

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев тәртіп сақшыларының  дайындығын тексеру үшін Тайынша ауданына барды.  

Бүгінгі таңда бұл ауданның құрамына 18 ауылдық округ пен Тайынша қаласы кіреді. Облыстағы ең ірі ауданда 43 мыңнан астам адам өмір сүреді. 2016 жылы орын алған су тасқынында Донецкое, Келлеровка ауылдарының тұрғындары зардап шеккен болатын. Биыл да бұл оқиға қайталануы мүмкін. Тайынша ауданының әкімі Иван Турковпен бірге аудандық полицейлердің материалдық-техникалық жабдықталуын тексеріп, су басу қаупі бар елді мекендердегі жағдайды көзімен көрді.

Тәртіп сақшылары жауапты кезеңге сақадай сай болуы үшін аудан әкімі Иван Турков екі жаңа автокөліктің кілтін табыс етті. «Нива» автокөлігінің кілті әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Сайран Жапаровқа, екінші кілт Чермошнянский ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Ерлан Ыбыраевқа бұйырды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp