
Үстіміздегі жылдың ақпан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 44,7 миллиард теңге (қаңтарда — 34,2 млрд теңге) жарна аударылды. Біздің өңір бойынша аударылған жарна сомасы 500 миллион теңгеге жуық.
Қорға түскен аударымдардың бір бөлігі мемлекет есебінен төленген. Бұл орайда, міндетті әлемуметтік медициналық сақтандыру аясында 15 санаттағы азаматтар жарна төлеуден босатылғанын атап өткен жөн. Облыс бойынша жұмыс берушілер тарапынан түскен аударымдар 198 миллион теңгені құрайды. Ал республика бойынша жұмыс берушілерден түскен қаржы 13,5 миллиард теңгеге жуық. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар мен аударымдар Ұлттық Банктің есепшотында сақталады. Бұл қаржы міндетті медициналық сақтандыру пакеті аясында азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік береді.
Сурет https://tengrinews.kz/ сайтынан алынды.