«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЙНЕЖАЗБА – ЖАЗАЛАУҒА НЕГІЗ

Әлеуметтік желілерде Петропавл қаласының орталық көшесінде бірден екі құқық бұзушылық жасаған “Toyota Hilux” автокөлігі жүргізушісінің ерсі қылығы талқылануда.

Полицейлер желіде жарияланған бейнематериалдар бойынша кінәлі жүргізушіні анықтады. 30 жастағы петропавлдық жолдың қарсы бетіне шығып кеткені және жол қозғалысы ережелерін бұзып, апатты жағдай туғызғаны үшін Қазақстан Республикасы “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексінің 596 және 601-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 80 мың теңге айыппұл салынды.

«Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береміз. Сондай-ақ, құқық бұзушылық көрсетілген бейнежазба әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатынын естеріңізге саламыз. Әрбір жаяу жүргінші мен жүргізуші полицейлердің бейнетіркегіштерінің, жедел басқару орталығы камералары мен басқа да техникалық құрылғылардың бақылауында екенін естен шығармаулары тиіс. Жол қозғалысы ережелерінің сақталуы – қауіпсіздік кепілі екенін ұмытпаңыздар», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp