
Петропавлда алғаш рет мектеп оқушылары арасында “JuniorSkills – 2020” облыстық чемпионат өтті.
Педагогикалық мамандықтарды дәріптеп, оқушылардың кәсіби шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған байқауда жоғары сынып оқушылары екі бағыт бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады. Сайысқа қалалық мектеп-гимназия, Қызылжар ауданындағы “Парасат”, “Большая малышка” орта мектептері сияқты білім ордаларынан 17 оқушы қатысты.
Алғашқы бөлімде қатысушылар мәнерлеп өлең оқудан бастап, түрлі педагогикалық тапсырмаларды орындады. Ал екінші топтағы оқушылар сәндік-қолданбалы өнер бойынша сынға түсті.
Сайыс қорытындысында үздік деп танылған өрендер дипломдармен марапатталды.
Жансая ҚАЙЫПОВА,
облыстық білім басқармасының
баспасөз хатшысы.