«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӘБИ ШЕТІНЕДІ

Өңірдегі емдеу мекемелерінің бірінде кішкентай сәби қайтыс болды. Мамандардың айтуынша, нәресте орталық жүйке жүйесінің туабітті ақауымен дүниеге келген. Бар-жоғы жиырма күн ғана өмір сүрген сәбиге облыстық балалар ауруханасында ем жүргізілген. Алайда, жаңа туған нәрестенің өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста сәбилер өлімі 2018 жылмен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Өлім-жітімнің орын алуына алдымен жүктілік кезінде пайда болған аурулар әсер еткен. Туабітті ауытқушылық салдарынан және кенет қайтыс болғандар да бар. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда туабітті ауытқушылық салдарынан көз жұмған кішкентай сырқаттардың саны азайды. Сәбилер арасында орын алған өлім-жітімді облыстық денсаулық сақтау басқармасы жүктілік кезінде әйелдерге дұрыс бақылау жүргізбеумен байланыстырды. Мұндай күрмеуі қиын мәселеге кадр тапшылығы әсер етуде. Сонымен қатар, іштегі баланың денсаулығына немқұрайды қараудың да кесірі тиюде. Сараптама қорытындысы көрсеткендей, шетінеген сәбилердің барлығы тәуекел тобында болған.  

Сурет https://perm.aif.ru/  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp