«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ӘЙЕЛ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Алматы қалалық полиция департаменті вирус жұқтырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

«Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», — делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада. 

https://egemen.kz/  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp