
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы үш жылдан бері “Педагогикалық идеялар панорамасы” білім беру ұйымдарына арналған бейнедәрістер байқауын ұйымдастырып келеді.
Аталған байқау өңір мұғалімдері арасында бәсекелестік туғызып, педагогтардың мәртебесін арттыруға және курстан өткен оқытушыларды қолдауға бағытталған. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалы ұстаздарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, сайысқа дайындау барысында да аянбай еңбектенді. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнебаяндардың, шеберлік сыныптары мен диалогтық алаңдардың пайдасы зор екеніне көзіміз жетуде. 2018 жылы облыс педагогтары 11, ал былтыр 14 жүлделі орынға ие болды. Бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш.
Педагог мәртебесін арттырып, үздік тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, білім саласы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамытып, виртуалды оқытудың үздік бейнедәрістер қорын ұлғайту мақсатын көздейтін дәстүрлі байқау биыл да жалғасын табады.
Дариға ДӘУЛЕТОВА,
Айман КЕҢБЕЙІЛОВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандары.