«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Президент медицина мамандарына алғыс білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарына алғыс білдірді.

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. Бұған дейін Қ.Тоқаев төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшуді тапсырған болатын.

«ТЖ режімінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемсектор қызметшілерінің 70%-ын қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн. Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады», — деді Президент.
Еске салайық, коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Қазақстанда 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілді. Ал 19 наурыздан бастап инфекция тіркелген екі қалада — Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин режимі енгізіледі.

www.inform.kz  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp