
Бүгінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің СҚО бойынша департаменті тұрғындарға 14 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Соның ішінде стандартқа сәйкес 13-і – мемлекеттік корпорация арқылы, бірі мүгедектікті немесе азаматтардың еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындаубойынша жүргізіледі. Аталмыш қызмет түрі бойынша құжаттар департаментке тікелей тапсырылады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемеміз Қазақстан халқының өмір сапасын жақсарту және ел экономикасын дамытудың қарқынын арттыру мақсатында құрылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында да бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Атап айтқанда, бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау, инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі, жерлеу рәсімдеріне арналған біржолғы төлемді тағайындау қызметтері egov.kz порталы арқылы, SMS-хабарламалар, EgovKzBot2.0 Telegram-боты негізінде электрондық форматта көрсетілуде.Яғни, азаматтар көптеген қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарына келмей-ақ үйде отырып алатын мүмкіндікке ие. Біздің департаменттің өзге де қызметтерін алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркеліп, тұрғындар egov.kz порталындағы жеке кабинетте өзінің телефон нөмірін бекітуі керек. Сонымен бірге өз гаджеттерінде Telegram мессенджердегі боттың іске қосуылуын жүзеге асыру қажет.
Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында департамент қағаз түрінде көрсетілетін келесі мемлекеттік қызметтерін онлайн режімінде ұсынуға көшті:
- Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
- Мемлекеттікарнайыжәрдемақылартағайындау;
- Арнаулымемлекеттікжәрдемақытағайындау;
- Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
- Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн режімінде алуға өтініш беру үшін egov.kz порталында тіркелу қажет, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен жүзеге асырылады. Оның нұсқасы төменде көрсетілген.
Электрондық үкімет порталы, яғни egov.kz арқылы қызмет алу уақытында сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 нөміріне хабарласып, тәулік бойы және тегін консультация беретін Бірыңғай байланыс орталығының мамандарына жүгіне алады.
Кенжегүл ХАМЗИНА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы.