
Beeline еліміздегі 6000-нан астам медицина қызметкерін тегін ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етеді. Төтенше жағдай аясында жұмыс істейтін медицина қызметкерлері Қазақстандағы кез келген нөмірге қоңырау шалуға 30 маусымға дейін 1000 минут және 100 ГБ интернет-трафик алады.
«Індет анықталған елдерде дәрігерлерге үлкен салмақ түсуде. Оларға тегін байланыс ұсыну – осы күндері Beeline іске асырып отырған бастамалардың бірі», – деді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.
Бастама Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылуда.
«Карантин кезінде үздіксіз байланыстың болуы коронавируспен күресте сәттілік пен жемісті жұмыстың кепілі болып табылады. Өйткені жұмыс барысында туындай қалған кез-келген мәселені жедел үйлестіру қажеттігі жиі туындайды”, – деп өз пікірін білдірді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Бұған дейін Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және шетелдерде жүрген қазақстандықтарға тегін байланыс ұсынып, сондай-ақ әлеуметтік, ресми және білім беретін 137 сайтқа тегін қосылу және BeeTV көрермендеріне ТВ топтамаларын тегін көру мүмкіндігін ашқан болатын.