«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРНАЙЫ ТОПТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

“Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесі қоғам өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет­керлерімен бірге әлеуметтік маңызға ие азық-түлік өнімде­рінің бағасына мониторинг жүргізді.

Облыс орталығындағы ірі сау­да үйлерін аралаған мониторинг­тік топ мүшелеріне тұр­ғындар азық-түлік бағасының өскенін ай­тып ша­ғымданса, кәсіпкерлер тұ­рақтандыру қо­рындағы көкө­ніс­тер­дің сапасы нашар екен­дігін жиі алға тартады. Бақылаушы­лар об­лыс­тық тұрақтандыру қо­рының көкөністері – картоп, сә­біз, пияз және қырыққабат сақ­тал­­ған “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің қойма­сына барды. “Солтүстік” ӘКК” ҰК” АҚ департаментінің басшысы Ро­за Тас­танбекованың айтуына қа­рағанда, өткен жы­лы 440 тонна картоп, 200 тоннадан астам сә­біз, қы­рыққабат, пияз сатып алы­ныпты. Бұл көкө­ністердің ішінде пияздан басқасы жергілікті ауыл шаруашылығы құрылым­дары­ның өнімі болғандықтан, олар­дың сапа­сы жоғары екендігін тіл­ге тиек етті. “Радуга” жауапкер­ші­лігі шектеулі серіктестігінің қойма логистика­сы бойынша директо­ры­ның орын­басары Вла­димир Ми­хайленко көкөністер тиісті гра­дустық режімде сақталатынын айтты. Қой­маны аралаған мони­торингтік топ мүшелері сауда орын­дарына жөнелтілуге дайын­дал­ған көкөністердің сапа­сынада көз жеткізді.
Бүгінгі таңда облыс орталы­ғындағы сауда үйлері тарапынан тұрақтандыру қорының өнімде­рі­не деген сұраныс жоғары. Тұрғындар арзан көкөністерді “Тайга”, “Рах­мет”, “Айсберг”, “Северный”, “Се­мей­ный”, “Dostyq MALL”, “Пира­ми­да” сауда орталықтары мен “Волна”, “Стекляшка”, “Ишим” сын­ды дүкендердің сөрелерінен таба алады.

Аманжол НҰРТАЗИН. 

Сурет https://www.zakon.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp