«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЦИФРЛАНДЫРУ — ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІС

Бүгінгі таңда “ақылды технологиялар” адамзат өмірінің барлық саласына еніп, оның ажырамас бөлігіне айналған. Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды көздеген мемлекеттер ұстанатын жаһандық үрдіс. Бұл орайда, телекоммуникация саласындағы еліміздегі көшбасшы компания – “Қазақтелеком” АҚ-ы бұл жұмыстарға бел шеше кірісу арқылы болашақ ұрпақтың табысты өмірінің іргетасын қалауда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арна­ған Жолдауында цифрлы техно­логиялар заман талабы екенін, олардың қоғам өміріне оң әсер етіп отырғанын, нәтижесінде адам­ның күнделікті өмірі айтар­лықтай жеңілдеп, жаңа сипатқа ие болғанын атап өтті. “Қазақстан цифрлық экономиканы дамы­туды көздеп отыр. Осыған орай көп жұмыс атқаруымыз керек. Біздің міндетіміз – ақпараттық коммуникациялық инфрақұры­лым­­ның даму деңгейі бойынша өңір­де­гі көшбасшылықты нығай­ту. Үкі­мет заңнаманы 5G, “Ақыл­ды қа­ла­лар”, “Үлкен деректер”, блок­­чейн, цифрлық активтер, жа­ңа ци­фр­лық қаржы құралдары сияқты тың технологиялық құбы­лыстар­ға бейімдеуі қажет”, – де­ген бо­латын. Президент ғылым мен тех­нологияның бүгінгі жетіс­тікте­рін барлық салада пайда­лану­дың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Сандық технологияны енгізу біздің облысымызда да сәтті жүзеге асырылуда. Біз өз тұты­нушыларымыздың көңілінен шы­ғу үшін заман ағымынан қалмауымыз керек. Компания­ның жаңартылған стратегиясы көздеген мақсаттарға қол жет­кізуге мүмкіндік беруде. “Цифр­лық Қазақстан” бағдарламасы шеңберінде тұтынушылар саны ұлғайып, қыз­мет көрсету сапасы арта түсті. Ақпараттық техноло­гия­лар сала­сында тұрғындарға жаңа өнім түрлерін ұсынуға жол ашылуда.

Бағдарлама аясында ауыл тұр­­ғындарын жоғары жылдам­дықты интернетпен қамтамасыз ету шаралары қолға алынған болатын. Бүгінгі таңда өңірдегі елді мекендердің 82 пайызы кең жолақты интернетпен қамта­масыз етілді. Жалпы 651 ауыл­дың 147-сі интернетке мыс желі­лері арқылы қосылса, 116 елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс бар. Ал 386 ауылда сымсыз байланыс технологиясы қолданылады. Енді шалғайдағы ауыл тұрғындары сапалы әрі жыл­дамдығы жоғары интер­неттің игілігін көретін болады. “Цифрлық Қазақстан” бағдар­ламасын өңірімізде жүзеге асыру аясында талшықты-оптикалық бай­ланыс желісін тарту жұмыс­тары жүргізілуде. Нәтижесінде 58 ауылдық округте орналасқан 166 мемлекеттік мекемені кеңжолақты интернетке қосу жос­пар­ланған. Бұл шаралар “2019-2020 жылдары Қазақстанның ауылдық елді мекендерін тал­шықты-оптикалық технология ар­қылы кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету” жобасы ая­сында жүзеге асырылуда.

Былтыр орталық аурухана, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі сияқты 56 мемлекеттік мекемеге талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылды. “Қа­зақтелеком” АҚ-ның Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирек­циясы 75 млн. теңге жеке қара­жатына 39 ауыл мектебін жылдамдығы жоғары байланыс же­лі­сіне қосты. Сөйтіп, кеңжолақты интернетке қосылған мектептер­дің саны 448-ге жетті. Бұл – жал­пы білім ордаларының 94 пайы­зы. Осылайша, ғаламтордың жыл­дам­дығын 10 Мбит/сек дейін жет­кізуге мүмкіндік туды. Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирек­циясы денсаулық сақтау сала­сына қарасты мекемелерді де кеңжолақты интернетке қосу бо­йынша жұмыстар жүргізді. Бүгін­дері бұл саладағы нысандардың 301-і, яғни 52 пайызы жоғары технологиялардың игілігін кө­руде.

Бүгінгі таңда еліміздің ірі қала­ларында “Smart Sıtу” жобасы сәтті жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Бұл жоба бір мезетте қа­ладағы барлық жағдайды бақы­лауда ұстауға мүмкіндік береді. Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларының тәжірибесіне сүйене отыра жасалған жоба қалалық ортаны қолжетімді және қолайлы ету мақсатында білім беру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, қауіпсіздік, денсаулық сақтау секілді негізгі салаларды қамтиды. Жоба аясында Петро­павл қаласында “LPWan” қуат үнемдеу тиімділігі желісінің 14 ба­залық станциясы орнатылды. Бұл өз кезегінде заманауи бей­некамералар орнату, экология­лық және энергия ресурстарын бақылау және есепке алу, жол трафигін, өрт қауіпсіздігін, көшені жарықтандыру және басқа да “IoT” датчиктерді басқару мүм­кіндігін береді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде түрлі келеңсіз оқиғалар жиі болып жататыны белгілі. Біздің компания қолға ал­ған шаралардың нәтижесінде қы­зылжарлықтар соңғы екі жылдан бері “Бұлтты бейнебақылау” жүйесінің игілігін көріп отыр. Бү­гінгі күні Петропавлдағы 150 көп­қабатты тұрғын үйдің кіребе­ріс­теріне 1576 бейнекамера ор­натылды. Бұл – өте тиімді жоба, себебі, мүлкіңізді, аула мен кіре­берісті бақылай аласыз. Каме­ралар түнгі уақытта да сапалы түсіре алады. Өйткені, түнгі түсі­рілім опциясымен жабдықталған. Үйдегі жарық өшіп қалса да, құ­рылғы жұмыс істей береді. Түсі­рілген материалдар лезде ға­ламтор арқылы желіге түседі. Ал заңды тұлғаларға “Бизнеске қа­уіпсіз онлайн бейнебақылау” өні­мі ұсынылып отыр. Бұл қызмет арқылы кәсіпкерлер бизнес ны­сандарын қашықтан бақылай алады. Атал­мыш жобаның қоғам қауіпсіздігін сақтау мәселесінде де өзіндік үлесі бар. Өйткені, сол­түстікқа­зақ­стандық тәртіп сақ­шы­­лары “Ұрлыққа жол жоқ” және “Қа­уіпсіз алаң” жобалары аясын­да орна­тыл­ған бейнебақылау каме­ра­лары арқылы қаланы бір жер­ден бақылау мүмкіндігіне қол жет­кізіп отыр. Солтүстік өңірлік те­ле­ком­муникация дирекциясы мен Пет­ропавл қаласы әкімдігі ара­­сында жасалған меморан­думға сәйкес 82 нысан полиция де­партамен­тінің бейнебақылау жүйе­сіне қосылған.

Әлемде технология көз ілес­пес жылдамдықпен дамуда. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өт­кендей, цифрлы технология­лар­ды қолдану арқылы қазақстан­дықтардың өмір сапасын артты­руға жол ашамыз. Бұл бағыттағы жұмыстар үстіміздегі жылы да жалғасын табатын болады.

Аслан ЕШМҰХАМБЕТОВ,

“Қазақтелеком” АҚ-ның Солтүстік Қазақстан жергілікті желілер техникалық торабының директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp