«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“E-GOV MOBILE” — СЕНІМДІ ӘДІС

Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие. Төтенше жағдайда бұл қажетсіз байланыстардан аулақ болуға, сонымен қатар өздерін және жақындарын қорғауға мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде 694 қызметтің 608-ін “Электронды үкіметтің” веб-порталында online режімде алуға бо­лады. Бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 80 пайызын құрайды. Алпысқа жуық ең танымал қызметтерді “E-gov mobile” ұялы қосымшасы арқылы алу мүм­кіндігі іске асырылды. Электронды цифрлық қолтаңбаның қажеттілігі жоқ, “face-ID” тұлғаны сәй­кестендіруді, “touch-ID” саусақ био­метриясын немесе бірреттік смс-парольді қолдануға болады.
Сондай-ақ, қызметтер “Face­book”, “ВКонтакте” әлеуметтік желі­лер арқылы қолжетімді. “Теле­грамБот”-та 43 қызмет іске қосылды.
Аталған қосымшаларды “Play­Market”-тен немесе “AppStore”-дан жүктеп, ұялы телефонға орнату қажет. Мемлекеттік қызметтерді алу және мобильді қосымшалардың жұмыс істеуі және пайдалану мә­селелері бойынша бірыңғай байла­ныс орталығына – 1414 нөмірі ар­қылы хабарлауға болады.
Халыққа қызмет көр­сету орталықтарына және мемле­кеттік органдарға баруды барын­ша азайтуға шақырамыз!

Индира БӘЖЕНОВА,
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp