«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН ЕКІНШІ ӘЙЕЛ ОБЛЫС АУМАҒЫНАН ШЫҚПАҒАН

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған екінші адам – 40 жастағы әйел. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, қауіпті індетті жұқтырған әйел – Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінің тұрғыны. 1980 жылы туған әйел облыс аумағынан ешқайда шықпаған. Дәрігерлер оны жұқтыруы мүмкін деп тексерген екен. Оның сырқат екені кеше кешке анықталып, бірден Петропавлдағы жұқпалы аурулар ауруханасына, жеке бокске жатқызылды. Қазіргі таңда оның денсаулығына шағымы жоқ. Дене қызуы және жағдайы бірқалыпты. Мамандардың айтуынша, Келлеровка елді мекені кешеден бері карантинде. Ал жұқпалы ауруды жұқтырған әйелмен байланыста болғандардың барлығы анықталып, сараптама алынды. Олардың бәрі бүгінде карантинде жатыр. Бұл – облыста табылып отырған екінші жағдай.

 Бұған дейін ауырған келіншектің қан сараптамасы қайта тексерістен өткізілуі үшін Алматыға жіберілген еді. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Серікбай Қасмақасовтың айтуынша, ол сараптама Алматыға дейін екі күн жүріп барған. Сол себепті қан құрамы өзгеріп, дұрыс нәтиже бермеуі мүмкін. Сол себепті сырқат деп танылған келіншекті карантиннен шығармас бұрын тағы да тексермек. Сараптама карантиннің 13-ші күні жасалады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда үй карантинінде 494 адам, провизорлық стационарда – 44, ал карантиндік стационарда 30 адам жатыр.

https://www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp