
Құрметті жерлестер!
Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде коронавирус індетін жұқтыру жағдайлары тіркелді. Соған орай 8 қала карантин режіміне өтті. Басқа қалаларда шектеу шаралары қабылданды.
Жағдайдың барынша күрделі екенін ескере отырып, біз 2020 жылғы 1 сәуірде 00.00 сағаттан бастап шектеу шараларын енгіздік.
Петропавлдың айналасында негізгі бағыттар бойынша блок-постылар орнатылады. Шығу-кіру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады. Құжаттарды тексеруден басқа сауалнама, санитарлық және ветеринарлық бақылау жүргізіледі. Блокпостың міндеті – тек қажет болған жағдайда ғана – жұмысқа, іскерлік мәселелер бойынша, ауруханаларға және т.б. жүріп-тұруды қамтамасыз ету.
Облыс аудандарында да қозғалысты шектеу үшін жолдарда карантиндік бекеттер күшейтілді. Бұл – тұрғындар аудандардың шекарасын тек нақты қажеттілік туындағанда ғана кесіп өтеді деген сөз. Барлық басқа себептер, соның ішінде отбасылық мерекелер шектелуі тиіс. Әуежай жабылды. Пойыздарға билет сату тоқтатылды. Теміржол вокзалы 27 наурызға дейін билет сатып алған жолаушыларды ғана қабылдайды.
Бұл – ұсыныс емес, төтенше жағдай талаптары. Осы ережелерді барлығы сақтауға тиіс. Полиция осы ережелердің орындалуын бақылауға құқылы.
Сіз қоғамдық ортада көп болған сайын, соғұрлым дерт жұқтыру қаупіне жиі ұшырайтыныңызды түсінуіңіз маңызды. Сіздің жауапсыздығыңыз біреудің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндірмеуі керек.
Балабақшалар жұмыс істемейді. 65 жастан асқан қарт адамдарға үйде болу ұсынылады. Қоғамдық орындарда болуға шектеу енгізіледі – 3 адамнан артық жиналуға болмайды, арақашықтық сақталуы керек. Балалар тек ересектермен ғана жүріп-тұруы тиіс.
Мемлекеттік мекемелер, ауруханалар, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер әдеттегі режімде жұмыс істей береді. Қалған мекемелер мен кәсіпорындар, егер мүмкіндік болса, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режіміне көшіруі тиіс.
Қоғамдық тамақтандыру орындарына тамақ жеткізу режімінде жұмыс істеуге болады. Банктердің филиалдары мен пошта бөлімшелері адамдардың шоғырлануын болдырмау үшін клиенттердің келуін нақты жоспарлауы қажет. Кезекте 5 адамнан артық тұрмағаны жөн. 2 метр арақашықтықты сақтау керек.
Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты да таңғы сағат 6.30-дан кешкі 20.00-ге дейін шектеледі.
Дезинфекциялық шаралар күшейтілді. Бүгіннен бастап қоғамдық орындарды, жүргінші жолдарын, сауда орталықтары алдындағы алаңдарды дезинфекциялық өңдеу жұмыстары басталады.
Құрметті жерлестер!
Бүгінгі таңда дәрігерлер орасан зор жұмыстар атқаруда. Президенттің тапсырмасы бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай ұлғайтылады.
Төлемақы 3 ай ішінде коронавирусты жұқтыру қаупінің үш тобы бойынша жүргізіледі: “Өте жоғары қауіпті” – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, жұқпалы стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері үшін үстеме 20 ең төменгі жалақыны немесе 850 мың теңгені құрайды. “Жоғары қауіпті”– провизорлық стационарлардың және “Жедел жәрдемнің” дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлеріне үстеме 10 ең төменгі жалақыны немесе 425 мың теңгені құрайды. “Орташа қауіпті” – дәрігерлер, карантиндік стационарлардың орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, “Жедел жәрдем” жүргізушілері және т.б. үшін үстеме 5 ең төменгі жалақыны немесе 212 мың теңгені құрайды.
Құрметті жерлестер, шектеу шараларының талаптарын орындау қажет. Осының барлығы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған.