«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕНЗИН АРЗАНДАДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жанар-жанармай бағасын он бес пайызға арзандатып, 179 теңгеден 165 теңгеге дейін түсіруді тапсырған болатын.

Бұл бастаманы қолдаған еліміздегі ірі жанар-жағармай құю станциялары бензин мен дизель отынының бөлшек бағасын төмендетуде. Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дархан Қалиевтің айтуынша, солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер де елімізде орын алған күрделі ахуалға байланысты осындай қадамға бару туралы шешімге келді.
– Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шараларды қолға алынатынын атап айтты. Соның ішінде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлердің де жағдайы ескерусіз қалған жоқ. Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай берілетіні — шаруашылықтар үшін жағымды жаңалық. Жергілікті кәсіпкерлер дизель отынының бағасын 7 теңгеге, ал тұтынушылардың көбірек сұранысын тудыратын «АИ-92» маркалі бензинді 3 теңгеге төмендетті. Алдағы уақытта өзге кәсіпкерлер де бұл игі іске қосылады деген сенімдемін, — деді Дархан Қанатұлы.
Енді солтүстікқазақстандықтар өңірді жанар-жағармаймен қамтып отырған негізгі кәсіпорындар – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Эталон-Авто» компаниясы және «Shelf» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің жанармай бекеттерінен бензин мен дизельді арзан бағаға сатып ала алады. Наурыз айында бұл станцияларда «АИ-92» маркалы бензиннің литрі 158 теңге, ал дизельдің литрі 193 деңгеден өткізіліп келген болатын. Қазір олар сәйкесінше, 155 және 186 теңгеден сатылуда.

 

Сурет https://total.kz/ сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp