«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҰЛУЛЫҚҚА ҚҰШТАР

Қыз-келіншек атаулының жа­ны әдемілікке құштар. Бас бос­тан­дықтарынан айырылып, темір тордың арғы жағында жа­засын өтеп жатса да, әйелдер сұлулық әлемінен қол үзген емес. “ЕС-164/6” мекемесінің тәрбие жұмы­сы жөніндегі бөлімі жаза­сын өтеу­шілер арасында ең үздік шаш үл­гі­сі байқауын өткізді.

Байқауға қа­тысушылар қаже­тті керек-жарақ­тарын алдын ала әзірлеп, өздері­нің шығармашы­лық жұмыстары­ның тұсаукесерін жасады. Олар бұл жарыста ба­рын салып, шаш қою өнерінің қыр-сырына әбден қанық екенде­рін көрсете білді. Әсемдік әлеміне терең үңілген әйелдердің қиялы қа­зылар алқа­сы мүшелерін таң­ғал­дырды.

1-ші отрядта жазасын өтеуші­лер түрлі салтанатқа арналған классикалық шаш үлгісін таңдап, моншақ, лента және гүлдерді ше­бер қолдана білді. 2-ші отрядта­ғы­лар “Модерн” стилін жөн көріп, ассиметрия мен шаш өруден бар өнерлерін паш етті. Ал 3-ші отряд­тағы әйелдер карэ, шаш бұйра­лау және диадемамен әшекей­леу­ден алдына жан салмай, осы заманғы шаш үлгісінен хабардар екендерін көрсете білді.

Жазасын өтеп жатқан әйел­дер­дің бет-әлпеті заматта өзге­ріп, құлпыра түскендері соншалық, оларды бірден танудың өзі қиынға соқты. Осындай шығарма­шылық шаралар жаза басқан әйел­дердің көңіл күйін көтеріп, бір серпіліп қалуына септеседі.

Оксана ВЫШАР,

“ЕС-164/6” түзеу мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімшесінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp