
М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж «Жас маман» жобасы аясында 320 миллион теңгеге қол жеткізіп, жаңа құралдар сатып алды.
Заманауи ақпараттық-технологиялардың арқасында енді IT саласында студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік туды. Сондай-ақ, аталмыш колледжде студенттер робот құрастыруды меңгеруде. Арнайы робототехника, компьютерлік графика мен дизайн кабинеттері бар. Онда студенттердің білім алуына тиісті жағдай жасалған. Бұл орайда, өңірдегі 4 колледжді жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау үшін «Жас маман» бағдарламасы аясында 1,2 миллиард теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Аталмыш бағдарлама аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжі де материалдық-техникалық базасын жаңартуға мүмкіндік алды. Заманауи техникалық жабдықтардың көмегімен студенттер тәжірибе жүзінде диагностикалау мен жөндеуден өткізуге арналған құралдармен жұмыс істеуге үйренеді.