
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы Еуропада коронавирус инфекциясының үшінші толқынының болуы мүмкін екенін ескертті.
Ұйым Еуропа елдеріне вирусты бақылауға алуы керек екендігіне назар аударды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы өкілі Дэвид Набарро Еуропа коронавирустық инфекция пандемиясының үшінші толқынына 2021 жылдың басында тап болуы мүмкін екенін айтады.
«Олар бірінші толқынды бақылауға алғаннан кейін жаз айларында қажетті инфрақұрылымды салуды жіберіп алды. Қазір екінші толқын жүріп жатыр. Егер олар қажетті инфрақұрылымды салмаса, келесі жылдың басында үшінші толқын болады», – деді Дэвид Набарро.
Ол, сонымен қатар, Еуропаның Азия елдерінен үйренетін нәрсе бар екенін айтты.
«Вирусқа жылдам әрі батыл жауап беру керек. Әсіресе басында, вирустың әр түрлі қауымдастықтар ішінде өте баяу таралатын кезінде», — деді ДДҰ-ның арнайы өкілі.
Айта кетейік, Еуропа елдерінде коронавирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып келеді. Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың жалпы саны 59 миллионға жақындады.
https://egemen.kz