«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Асыққан әйел жүргіншіні соқты

Кеше таңертең Петропавлда «Daewoo Matiz» автомобилі жаяулар өткелімен өтіп бара жатқан 50 жасар әйелді соқты.

Оқиға қаланың Жамбыл және Труд көшелерінің қиылысында болған. Автомашинаның 42 жастағы жүргізушісі жаяулар өткелі деген белгіні көрмей қалған.
Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші әйелді жол патрульдері медициналық тексеруге жеткізген еді, ол ішімдіктен сау болып шықты. Айтуына қарағанда қатты асыққан көрінеді. Қазір оның автомашинасы арнаулы тұраққа қойылып, іс әкімшілік сотқа дайындалуда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp