«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек — Президент

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде айтты.

«Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы — әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі», деді Президент.
Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді.
«Ортақ зейнетақы мөлшері де жыл сайын индекстеледі. Біз мұны инфляция деңгейіне 2 пайыз қосып жүзеге асыруды ұсынып отырмыз», деді Мемлекет басшысы.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp