«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

«Транстелеком» акционерлік қоғамы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Талшықты-оптикалық бай­ланыс желісінің техноло­гия­сы бойынша Қазақстан Респуб­ли­касының ауылдық елді ме­кен­де­рінің кеңжолақты байла­нысқа қолжетімділігін қамтама­сыз ету» жобасын жүзеге асыру­да мемлекеттің әріптесі ретінде жұмыс істейді.

Осы жобаны жүзеге асыру шеңберінде «Транстелеком» ак­ционерлік қоғамының Көкшетау филиалы Солтүстік Қазақстан облысының он ауданындағы он сегіз елді мекенді талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосты. Бүгіндері филиалдың қос­қан талшықты-оптикалық байланыс желісінің ұзындығы 917 шақырым болды.
Үстіміздегі жылы біздің кәсіп­орынның ұжымы Айыртау ауда­нындағы Құспек пен Лобаново, Ақ­жар ауданындағы Киевское, Ға­бит Мүсірепов атындағы ау­дан­ның Дружба, Есіл ауданын­да­ғы Александровка мен Яс­нов­ка, Жамбыл ауданының Бу­денное және Троицкое, Қызыл­жар ауданындағы Налобино мен Вагулино, Мамлют ауданы­ның Новомихайловка, Белое және Афонькино, Тайынша ау­да­нындағы Қараағаш, Уәли­ха­нов ауданының Ақбұлақ, Шал ақын ауданындағы Жаңажол, Городецкое және Сухорабовка ауылдарын жоғары жылдам­дықты интернет желісіне қосу жұмыстарын аяқтады. Бұл елді мекендердегі ауылдық округтің әкімдігі, мектеп, учаскелік поли­ция пункті, фельдшерлік-акушер­лік қосын сияқты әлеуметтік маңызды нысандар жоғары жыл­­дамдықты интернет желісі­не бі­рінші кезекте қосылды. Бү­гін­де­рі осы ауылдардың тұрғында­ры ға­ламтордың игілігін көріп жатыр.
Біздің кәсіпорында абонент­терге қолайлы және оларға тұ­рақты қолдау болуы үшін апта­ның барлық күндері ешқандай үзіліссіз байланыс орталығы жұ­мыс істейді. Біздің қызметтер ту­ралы ақпараттарды 191 теле­фоны немесе support@ttc.kz. электронды поштасындағы қол­дау қызметіне тапсырыс жіберу арқылы алуға болады.
Міндет ТАСБОЛАТ,
«Транстелеком» акционерлік қоғамы Көкшетау филиалының басқарушы директоры. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp